Мемлекеттік білім беру ұйымының педагог лауазымына орналасуға конкурс
Мемлекеттік білім беру ұйымының педагог лауазымына орналасуға конкурс
Абай облысы білім басқармасының Мақаншы ауданы бойынша білім бөлімінің «Мақаншы орта мектеп-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан РеспубликасыБілім және ғылым министрінің2020 жылғы 21 ақпандағы№ 57 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларынегізінде 1 (бір) бала-бақша әдіскерінеКОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ :
1.Абай облысы, Мақаншы ауданы, Мақаншы ауылы, Абай көшесі №1 мекен жайында орналасқан Абай облысы білім басқармасы Мақаншы ауданы бойынша білім бөлімінің «Мақаншы орта мектеп-бақшасы» КММ-нің балабақша тәрбиешісіне Балабақша әдіскеріне қойылатын біліктілік талаптары:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі болуы тиіс. Және (немесе) бар болған жағдайда біліктілік санатының болуы.
1. Лауазымдық міндеттері:
білім беру ұйымының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
оқу, оқу-тақырыптық жоспарлар мен бағдарламалар жасайды;
балаларға арналған білім беру бағдарламаларын таңдауға (әзірлеуге) қатысады;
жас топтары бойынша сабақ кестесін жасайды;
оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын, нысандарын, әдістері мен құралдарын анықтауға көмек көрсетеді;
оқу-әдістемелік құжаттамаларды, құралдарды әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады;
инновациялық педагогикалық тәжірибені анықтауды, зерттеуді, таратуды және енгізуді қамтамасыз етеді;
топтарды оқу құралдарымен, ойындармен, ойыншықтармен жинақтауды ұйымдастырады;
оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының жағдайын талдайды;
тәрбиешілер үшін сабақтар, мастер-кластар, семинарлар, жеке және топтық кеңестер, көрмелер, конкурстар өткізеді, шығармашылық топтардың жұмысын ұйымдастырады;
оқу-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттердің деректер банкін қалыптастырады, есепке алу және есеп беру құжаттамасын уақытылы рәсімдейді;
тәрбиешілердің, психологтың, логопедтің, музыкалық жетекшінің, ұйымның басқа мамандарының өзара іс-қимылын үйлестіреді;
ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысын үйлестіреді;
тәрбиешілер, олардың көмекшілері лауазымдарына кадрларды іріктеу және оларды көтермелеу жөнінде ұсынымдар енгізеді;
педагогтердің біліктілігін арттыру және біліктілік санаттарын беру (растау), аттестаттау жөніндегі жұмысты үйлестіреді.
2. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерін;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын;
дидактика принциптері, педагогика, психология негіздері, тәрбие мен оқытудың жалпы және жеке әдістемелерін;
педагогикалық этиканың нормаларын;
еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормаларын;
әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптерін.
3. Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлау курстарынан өткенін растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе техникалық және кәсіптік білімін растайтын құжат, мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық жұмыс өтілі: қалалық жерде - кемінде 3 жыл, ауылдық жерде - кемінде 1 жыл;
және (немесе) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі болған педагог – шебер үшін мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық жұмыс өтілі: қалалық жерде - кемінде 5 жыл, ауылдық жерде-кемінде 3 жыл;
педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог - зерттеуші үшін тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білімі болған жағдайда мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық жұмыс өтілі: қалалық жерде - кемінде 5 жыл, ауылдық жерде-кемінде 3 жыл.
4. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог":
МДҰ әдіскеріне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы керек: үлгілік оқу жоспарының, үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны мен құрылымын, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесін білуі, балалардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие-білім беру процесін жоспарлауы және ұйымдастыруы тиіс;
жылдық жоспарды әзірлеу және МДҰ-да әдістемелік жұмысты ұйымдастыру;
балалардың біліктері мен дағдыларының даму сапасына мониторинг жүргізу;
білім беру ұйымы деңгейінде іс-шаралар ұйымдастыру; ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;
2) "педагог-модератор":
"педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға жауапты болуы керек, сондай-ақ:
мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесін білу;
жылдық жоспар мен циклограмманы әзірлеу;
инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану;
әдістемелік бірлестіктердің жұмысын ұйымдастыру, семинарлар, конференциялар дайындау және өткізу;
педагогтерге инновациялық технологияларды практикада қолдану бойынша әдістемелік көмек көрсету;
өзінің кәсіби біліктілігін арттыру;
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;
3) "педагог-сарапшы":
"педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы, сондай-ақ:
жылдық жоспар және циклограммалар жасау;
білім беру процесін ұйымдастыруды талдау;
тәрбиешілердің аудандық, қалалық кәсіби конкурстарға қатысуын қамтамасыз ету;
әдістемелік бірлестіктердің, педагогикалық кеңестердің, семинарлардың, конференциялардың жұмысын ұйымдастыру;
педагогтардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
аудан/қала деңгейінде ұйым педагогтерінің жеке және тәжірибелерін қорыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;
4) "педагог-зерттеуші":
"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес келуі, сондай-ақ:
аудандық, қалалық әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың қызметіне қатысу;
педагогтердің зерттеу құзыреттілігін дамыту;
педагогтердің қалалық, облыстық конкурстарға қатысуын қамтамасыз ету;
аудандық, қалалық және облыстық деңгейлерде әдістемелік жұмыс тәжірибесін ұсыну;
тәлімгерлікті қолдану;
көпшілік алдында сөйлеу және аудиториямен өзара әрекеттесу дағдыларын дамыту;
мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың қазіргі заманғы әдістемелерін қолданудың шығармашылық ізденісін жүзеге асыру;
облыстық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлдау алған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша әдістемелік әзірлемелерінің болуы;
5) "педагог-шебер":
"педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы, сондай-ақ:
республикалық және халықаралық деңгейдегі әдістемелік семинарлар мен конференциялар қызметіне қатысу;
оқу бағдарламаларын, оқыту, тәрбиелеу әдістемелерін әзірлеу;
тәрбиешілердің облыстық, республикалық конкурстарға қатысуын қамтамасыз ету;
тәлімгерлікті қолдану және педагогикалық қоғамдастықта даму стратегиясын анықтау;
облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және республикалық оқу-әдістемелік кеңесте (бұдан әрі – РОӘК) мақұлданған әдістемелік материалдардың болуы;
ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;
тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау, республикалық және халықаралық конкурстардың қатысушысы болу.
Лауазымдық жалақысы: Еңбек сіңірген жылдарына байланысты 250 000–нан 280 000 теңгеге дейін.
Конкурсқа қатысуға өтінімді беру мерзімі, орны: Хабарландыру жарияланған күннен бастап құжаттар 5 жұмыс күн ішінде мына мекен-жайға өткізілуі тиіс: Абай облысы, Мақаншы ауданы Мақаншы ауылы Абай көшесі 1 анықтама байланыс телефондары: 872239 4-11-68
Конкурсқа қатысу үшін кандидат балабақша тәрбиешісі Мемлекеттік корпорацияға не сайтқа мынадай құжаттарды береді:
1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін); 3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;
4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі және үйден оқитын балаларға сабақ беруге арналған кәсіби даярлықтан өткендігі туралы куәлік.
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) түйіндеме.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне (олар болған жағдайда) қол жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсынады. 4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады.
Аталған құжаттардың бірінің болмауы кандидатты конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.